Астана қаласы Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 30 қазан күні Астана қаласының №97 мектеп-гимназия базасында химия және биология пәндері педагогтеріне қалалық оқыту семинары өтті.
Семинар мақсаты – педагогтерге авторлық бағдарламаны ғылыми-әдістемелік тұрғыда әзірлеу, құрылымдау және практикалық көмек беру.
Семинардың теориялық бөлімінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Қадырова Әсел Толқынқызы авторлық материалдар негізінде озық педагогикалық тәжірибені әзірлеу және тарату бойынша сөз қозғады. Атап айтсақ:
-Әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнына қойылатын талаптар;
-Авторлық материалдар мазмұнына қойылатын талаптар;
-Авторлық материалдарды әзірлеу алгоритмі;
-Авторлық материалдарды сынақтан өткізу алгоритмі апробация кезеңі;
-Педагогикалық тәжірибені бекіту және тарату алгоритмі.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде Астана қаласының химия және биология пәндерінің педагог-шеберлері Л.Қасымова, С.Болатқызы, Г.Мырзалина , А.Бегенова авторлық бағдарламаны құрастыру жолдарымен ерекшеліктеріне тоқталып, педагогтерге тақырып таңдатып, бағдарламаның мақсаты мен міндетін, бекітуге жіберетін жұмыстың қадамдарын жасатты.
Семинар соңында қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін атап, семинардан алған білім мен тәжірибелерін өз педагогикалық іс-тәжірибелерінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Семинар тәжірибе алмасу мен білімдерін дамытуға бағытталған тиімді алаңға айналды.







