2023 жылғы 24-25 тамыз күндері Атырау қаласында «Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің қауіпсіз білім беру ортасын құру жөніндегі өзекті міндеттері» тақырыбында педагог қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар:ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, «Өркен» балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Конференцияға білім басқармаларының мамандары, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, барлығы 500 адам қатысты.
Астана қаласынан конференция жұмысына 4 адамнан тұратын психологтар делегациясы белсенді қатысты. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.К. Капанова, бөлім әдіскері А. К. Исабекова және № 53 МЛ педагог-психологы Ж. К. Ерпейсова, №44 ОМ педагог- психологы Ш. Е. Зейтқазиева.
24 тамыз күні педагог-психологтардың секциясының жұмысы өтті, онда өңірлердің психологиялық қызметтерінің үздік тәжірибесі жинақталды.
Секция жұмысында Г. Капанова модератор және спикер ретінде «Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру» тақырыбында сөз сөйледі. А.К. Исабекова «Форум-театр» технологиясындағы секцияның практикалық жұмысына белсенді қатысты, онда балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын түзетудің жаңа әдістері, сондай-ақ отбасылық жанжалдарды шешу жолдары ұсынылды. Педагог-психологтар Ж.Ерпейісова, Ш. Зейтқазиева секцияларда елордалық мектептерде автоматтандырылған психодиагностика мүмкіндіктерін көрсету кезінде көрмеде белсенді жұмыс істеді.
Секциялардың жұмыс қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің озық тәжірибесіне сүйене отырып, педагог-психологтардың жұмысында психологиялық қызметі әдістемелік қолдау және үйлестіру нысандарында инновациялық тәжірибеге бағдарланған технологияларды тәжірибеге ендіру туралы ұсыныс жасалды.
2023 жылдың 25 тамызы күні Атырау қ. М. Өтемісов атындағы Қазақ академиялық драма театрының базасында «Психологиялық қызмет қызметінің цифрлық трансформациясы» цифрлық платформалар мен технологиялар көрмесі өтті. Көрмеде психологиялық сүйемелдеу бөлімінің іс-тәжірибесі бойынша таныстырылым көрсетілді:
-«Психологиялық тынығу бөлмесі» арқылы елорда педагогтеріне психологиялық көмек көрсету мүмкіндіктері;
— «Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің қызметі туралы» бейнеролик;
-«Білім ел» әдістемелік орталығы газетінің мазмұны, газетке жазылу және жарияланымдар туралы ақпарат;
-«Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арналған әдістемелік құралы»;
-«Жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтарына арналған әдістемелік құралы»;
-тәжірибеде «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностикасының жабдықтары көрсетілді;
— «ASPPM HR+» сандық платформасының мүмкіндіктері
Республикалық тамыз конференциясында көптеген әріптестермен өткен тәжірибе алмасуда Астаналық әдіскерлерде өздеріне пайдалы ақпараттар алды.
Тамыз конференциясының жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ж. Н.Батырхан, Атырау облысының әкімі С. Ж. Шапкенов, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі И. Д. Күлшімбаев және басқа да спикерлердің қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Конференция соңында ҚР психологиялық қызметін жетілдіру бойынша панельдік секцияның қорытынды қарары қабылданды.