2024 жылдың 17 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның ТжКББ бөлімінің әдіскерлері директордың оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен колледж әдіскерлеріне арналған «Астана қаласындағы ТжКББ қызметін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбында нұсқаулық-әдістемелік семинар өткізді.
Семинарда «Талап» КЕАҚ Әдістеме және мазмұн бөлімінің бас менеджері Ж.Б.Садуақасова «Астана қаласының ТжКББ бағдарламаларының тізілімін жүргізу мониторингінің нәтижелері туралы» ақпарат берді, ТжКББ бөлім басшысы Алишева И.С. «2024-2025 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» баяндамасымен сөз сойледі.
ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Исина Н.С., Есенбекова А.Е., Мылтыкбаева Ж.Т. мен ТжКББ бөлімінің 2023-2024 жылдардағы қызметіне талдау жасап, өткен оқу жылында колледж оқытушыларымен әдістемелік іс-шаралар жүргізген туралы, аттестациядан өтетін колледж педагогтерінің жұмыс тәжірибесін қорытындылайтын материалдарға сараптама жасалды.
Іс-шараның сонында оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау және педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланып, әдістемелік семинардың қорытындысы шығарылып, оқу процесін ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді..