Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының музыкалық жетекшілері қауымдастығы алғашқы отырысын өткізді

2024 жылдың 16 қазан күні №33 «Алтын дән» балабақшасында Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының музыкалық жетекшілері қауымдастығының бірінші отырысы өтті. Отырыста бірнеше сұрақтар мен мәселелер талқыланды.

1. Музыкалық жетекшілер қауымдастығының 2023-2024 оқу жылындағы жұмысын талдау:

Қауымдастық мүшесі Мурашбекова Г.С. өткен оқу жылындағы қауымдастықтың жұмысына талдау жасады. Негізгі жетістіктерге шолу жасалды, назар аударуды қажет ететін мәселелер анықталды, балаларға музыкалық білім беру сапасын арттыруға көмектескен табысты тәжірибелер атап өтілді.

2. Қауымдастықтың 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын жоспарлау және бекіту:

Қауымдастық жетекшісі Сатмагамбетова Ж.А. 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының мазмұнын ұсынды, бұл жоспар ассоциация мүшелері тарапынан талданып келісілді.

3. «Үздік музыкалық зал» байқауын өткізу қажеттілігі

Байқау өткізу қажеттігі туралы мәселені Қауымдастық жетекшісі Сатмағамбетова Ж.А. көтерді. Қауымдастық мүшелері музыкалық білім беруді дамытуға және балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған идеялар мен бастамаларды белсенді түрде талқылады.

Отырыс нәтижесінде қауымдастықтың 2024-2025 оқу жылына арналған алдын жұмыс жоспары келісіліп, елордадағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында музыкалық білім берудің жоғары деңгейін сақтауға көмектесетін ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға ниет білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *