2025 жылғы 16 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай №2 Оңалту орталығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас арнайы мамандарына әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру, жас педагогтердің кәсіби біліктілігін көтеру және заманауи әдістермен таныстыру. Семинар басында №2 оңалту орталығының директоры Венера Бугибаевна Накыпова орталығының жұмысымен таныстырды.
Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланды: «Ерте араласу тобындағы балалармен түзете-дамыту жұмысының ерекшеліктері», «Аутизм және дамуында басқа бұзылыстары бар балаларға АВА-терапиясында ABLLS-R негізінде қолданылатын тиімді дағдылар жүйесі», «Арнайы педагогтың түзету-дамыту сабақтарында М. Монтессори әдісін қолданудың тиімділігі», «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мнемокестені қолдану», «Тейптеу әдістерін арнайы білім беру аспектілерінде сабақтастыру», «Логопед мұғалімінің тәжірибелік әрекетінде логопедиялық массаж».
Семинарға Алтекова Н.Б., Канадилова Г.У., Кеншиликова А.Е., Конкулова Г.К., Бақтыбазарова П.М., Ахметова З.А., Затыбекова А.С., Утегенова А.Е., Дукембаева З.А. және т.б. тәжірибелі арнайы педагогтер қатысты.
Семинар тәжірибе мен білім алмасудың маңызды алаңына айналып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді.