«AI ROBOTICS FIRST CAMP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ

         2026 жылғы 5 ақпанда Астана қаласындағы №115 орта мектепте Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «AMANAT» партиясы және мектеп әкімшілігінің бірлесуімен «AI Robotics FIRST Camp» республикалық форумы өтті. 

Форум мақсаты — STEM білімін дамыту, FIRST бағдарламасына алғаш қатысатын мектеп командаларын қолдау және жасанды интеллект пен робототехника бағыттарын жетілдіру.  

Форумда «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Болысбек Мұхаммед Абдиашимович FIRST және AI бастамаларын қолдаудың стратегиялық маңыздылығына, цифрлық білім беруді жетілдіру бағытындағы жобаларға тоқталды.

Баяндамалар жасанды интеллект, FIRST Robotics, команда құру, дрондарды STEM құралы ретінде пайдалану және мектептегі киберқауіпсіздік тақырыптарына арналды. Қатысушыларға жасанды интеллект пен FIRST Robotics тақырыбында пленарлық баяндамалар, CyberLabs пен Kazakhstan Drone Soccer Association спикерлерімен шеберлік сабақтары, FLL Challenge Robot Game, FIDA Drone Soccer Zone және ғылыми жобалар көрмелері, сондай-ақ FIRST қозғалысы бойынша пікірталас алаңдары мен цифрлық шешімдермен танысу және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері ұсынылды.

Қатысушылар ғылыми-техникалық жобалармен танысып, дрондарды баптау мүмкіндігін көріп, робототехника бойынша практикалық дағдылар алып, FIRST қозғалысының халықаралық стандарттарына сай командаларды дайындау бойынша нақты ұсыныстар алды.

Бейнежазба

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *