Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес тәрбие және қосымша білім беру бөлімі 2025 жылғы 22 сәуір күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Жұмыс барысында құжаттардың дұрыс жүргізілуі зерделенді. Сондай-ақ, білім беру үдерісін жетілдіру, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, қызметті тиімді жоспарлау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.