Әдістемелік күн

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2026 жылғы 08 қаңтар күні әдістемелік қолдау көрсету мақсатында қаладағы №113 жалпы орта мектепте әдістемелік күн өткізді. Іс-шара барысында орталықтың пән әдіскерлері оқу сабақтарына қатысып, әрбір пән мұғаліміне сабақ құрылымы, оқыту әдістері мен білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру бағытында жан-жақты кері байланыс ұсынды.

Іс-шараның келесі кезеңінде Әдістемелік орталық басшысы Дауешова Сындар Мұратқызы мен Орта білім беру бөлімінің басшысы Кипчакбаева Қымбат Болатовнаның жетекшілігімен әдіскерлердің, мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыс барысында мектептегі өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары қарастырылды. Атап айтқанда, педагогтердің нормативтік-құқықтық құжаттар туралы білімін арттыру, оқу үдерісін жоспарлау және оқу-әдістемелік құжаттаманы жүйелеу бойынша ұсынымдар берілді. Сонымен қатар мектепішілік іс-тәжірибені тарату, білім сапасын арттыру, STEM бағытын дамыту және КТЖ мен ҚМЖ-ны тиімді әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері айтылған ұсыныстарды назарға алып, әр сенбі сайын Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткізілетін оқыту семинарлары мен тренингтерге мұғалімдердің қатысуы жоспарланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *