Әдістемелік гайд: инклюзивті білім және қолжетімділік

2025 жылғы 27 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жоғары колледжі базасында Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу, оқу-өндірістік, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары,  психологтар, арнайы пәндер оқытушылары үшін «Әдістемелік гайд: инклюзивті білім және қолжетімділік» тақырыбындағы әдістемелік семинар өткізілді.

 Семинарда Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері семинар тақырыбына сәйкес колледждегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту және жұмысшы мамандықтарының WorldSkills чемпионатының Abilympics, Deafskills бағыттарына дайындық бойынша тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар берді және орта мектеп пен ПМПК педагогтерінің тәжірибесіндегі тиімді жолдарды көрсетті.

Іс-шарада Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Нуржауова  Н.М., инклюзивті оқыту бойынша әдіскер Біләл А.Ж., директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Сеитова Ж.Е., өндірістік оқыту шебері Искакова А.С., арнайы пәндер оқытушысы Тлеумбетова Д.Б., Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Олжабаева Б.О., тьютор-педагог Имирова Г.М.,  «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ жоғары колледжі директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары Турганбекова Г.Н., арнайы пәндер оқытушылары Ұлықпанова А.К., Холгонатқызы Елік, Талайбекқызы Алия,  Кожагелдиев М.Е., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің инклюзияны қолдау орталығының маманы Мажитова А.Б., елорданың №1 ПМПК басшысы Сагилова Ж.К., Астана қаласы әкімдігінің «№3 арнайы мектеп» КММ  дефектолог — мұғалімі Абдикаримова Ж.К. жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

 Семинарға 40-тан астам адам қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *