Астана қаласы Әдістемелік орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында №76 «Әдемі» балабақшасында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы өзекті әдістемелік мәселелер талқыланып, балабақша ұжымына практикалық көмек көрсетілді.
Орталықтың әдіскерлері педагогтерге тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырып, перспективалық жоспар мен циклограмма құрастыру үлгісін, баланың жеке даму картасын толтыру талаптарын түсіндірді.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда жасанды интеллектіні тиімді енгізу мен пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылды.
Семинар-практикум қорытындысында рефлексия өткізіліп, педагогтер өз әсерлерімен, пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.







