2025 жылғы 17 маусымда жазғы лагерьлердегі тәрбие жұмысын «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына сәйкестендіру мақсатында әдістемелік сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен лагерь бастықтары қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Жалпы вебинарға 63 адам қатысты.
Әдістемелік сағаттың басты мақсаты – жазғы лагерьлердің тәрбие жұмысын «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкестендіру бойынша әдістемелік қолдау көрсету, Бағдарламаның құндылықтарын балалардың күнделікті іс-әрекетіне тиімді кіріктіру жолдарын түсіндіру және тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.
Вебинар барысында Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Ибраева Эльвира Айдарқызы «Адал азамат» бағдарламасының тұжырымдамалық негіздеріне тоқталып, жазғы демалыс кезеңінде бағдарламаны тиімді жүзеге асырудың нақты тетіктерін ұсынды. Ол тәрбиенің маңызын тек іс-шаралар жиынтығымен шектемей, балалардың күнделікті әрекетінде құндылықтарды сіңірудің жолдарын нақтылап көрсетті.
Сондай-ақ №43 қосымша білім беру мектеп орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саттыбаева Қулаш Кенжебаевна жазғы лагерь бағдарламасына «Адал азамат» бағдарламасының мазмұнын кіріктіру және оның іске асырылуын тиімді мониторингілеу тәсілдерімен бөлісті. Оның тәжірибесі қатысушыларға бағдарламаға негізделген жүйелі жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ұсынды.
Қорыта айтқанда, жаз мезгіліндегі демалыс – тек ойын-сауық кезеңі ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақ бойына ұлттық, адамгершілік және азаматтық құндылықтарды сіңірудің тиімді уақыты. Осы тұрғыдан алғанда, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделген тәрбие жұмысы – саналы да салауатты ұрпақ қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.