«АБАЙДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ТӘРБИЕ БАСЫ» ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Сейтахметтің сүйемелдеу жасауы арқылы 13 желтоқсан күні Ш. Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясы «Бала Абай» эксперименттік алаң бойынша ойшыл, ғұлама ақын Абайдың шығармалары мен өмір жолын құндылықтарға негіздей оқыту тәжірибесімен қала деңгейінде бөлісу мақсатында «Абайдың рухани құндылықтары – тәрбие басы» қалалық семинарын өткізді.

Семинар оқушылардың Бала Абай сабағында жасаған қолөнерлері қойылған көрмемен басталып, «Абайдың рухани құндылықтары – тәрбие басы» семинардың ашылу шарасымен жалғасты. Келесі кезекте 1-4 сыныптардағы «Абайдың тұлға болып қалыптасуы» (4 «В» сыныбы), «Абайдың аудармалары» (4 «Д» сыныбы), «Құнанбайдың білімді бағалауы», (3 «В» сыныбы), «Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері» (4 «А» сыныбы), «Тұлға болып қалыптасқан – Абай» (4 «Ә» сыныбы), «Абай – ұлы ақын» (4 «Е» сыныбы), «Абайдың шығармашылығы» (4 «Ғ» сыныбы), «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін оқыту (3 «Б» сыныбы) ашық сабақтары мен «Бала Абайдың балалық шағына саяхат» (1 «Ә» сыныбы), «Бессмертно имя твое, Абай!» (4 «З» сыныбы), «Абай – ұлы ақын» (2 «Ә» сыныбы), «Великий Абай» (3 «К» сыныбы), «Бала Абай» (2 «А» сыныбы), «Абай әлеміне саяхат» (4 «Б» сыныбы) сыныптан тыс тәрбие сағаттары жүргізілді.

Семинардың соңғы бөлігінде «Абайды оқы, таңырқа!» коучингі жүргізілді. Сонымен бірге семинарға ҚР Жазушылар одағының мүшесі, абайтанушы, ақын Алмахан Мұхаметқалиқызы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты, Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы қатысып, қатысушы педагогтермен қорытындысын шығарып, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *