«Абай шығармаларындағы құндылық – тәрбие бастауы» қалалық семинар

2025 жылдың 9 сәуір күні №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері «Бала Абай» эксперименттік жоба аясында Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, өскелең ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу, ұлтжанды тұлға тәрбиелеу мақсатында «Абай шығармаларындағы құндылық – тәрбие бастауы» қалалық семинар өткізді.

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері Ұ.Е. Алимсакова, Г.Ж. Боранова, А.Ш. Сартай, К.М. Тлеукабылова жоғары деңгейде ашық сабақтар жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Абай – дара, Абай – дана қазақта!» атты әдеби музыкалық кеш өтті. Семинарға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Маман Жанар Сейтахметқызы, №87 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Бала Абай» жобасын құрастырушы, ақын, абайтанушы Габдуллина Алмахан Мұхаметқалиқызы, қала мектептерінің мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері қатысып, семинар қорытындысында Абай шығармалары арқылы оқушының рухани дамуын, ұлттық тәрбиесін жетілдіру – қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтіп, өз ойларын ортаға салып, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *