Ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру жөніндегі кездесу

Астана әдістемелік орталығының әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагогтары Қазақстандағы Британдық Кеңес (British Council) ұйымдастырған білім беру мекемелерінде ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру жөніндегі кездесуге қатысты. Іс-шараның модераторы мұғалімдердің кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеуге, енгізуге және бағалауға маманданған білім беру саласындағы сарапшы Саймон Борг мырза болды. 

 Ол оқушылардың орта мектепті бітіргеннен кейін В1 және В2 деңгейлерінде ағылшын тілін меңгеруіне кедергі келтіретін зерттеу нәтижесімен бөлісті. Кездесу  өткен жылдың қазан айындағы талдау негізінде жасалды.

Білім беру саласындағы сарапшы Саймон Борг келесі факторларды атап өтті: Мектептердегі қорытынды емтихандарындағы ағылшын тілінің таңдау пәні ретінде және осы сынақтарда сөйлеу компонентінің болмауы; ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында ағылшын тілін меңгерудің қарапайым деңгейі; мұғалімдер біліктілігін бағалау механизміндегі сөйлеу және есту қабілетін ескермеу және  мұғалімдердің сыныптағы нақты қызметі, ағылшын тілінде сөйлеу және тыңдау деңгейі; сабақтағы коммуникативтік дағдыларының жеткіліксіздігі; 21 ғасырдағы тілдік дағдыларды, бағалауды, саралауды, дағдыларды оқытуға қатысты мұғалімдердің қалыпты педагогикалық құзыреттілігі; негізгі педагогикалық құзіреттіліктерге кәсіби дамуға бағытталмаған интервенция;жергілікті жаттықтырушылар жүргізетін оқыту курстарына басымдық беретін және трансмиссивтілігі төмен модельдерді ұсынуды шектейтін кәсіби даму тәсілдері; орта мектепте ағылшын тілін үйренуге көмектесетін тұрақты ғаламтор байланысы мен мектептердегі технологияларға тұрақсыз қол жетімділік. 

 Осы факторларды негізге ала отырып,топтық талқылау жүргізілді. Нәтижесінде шешуді қажет ететін қосымша мәселелер қарастырылып, алдағы жылы берілген мәселелерге қол жеткізу алгоритмі ұсынылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *