Ақпараттық кабельдік желілер

2023 жылдың 14 наурызында «ASTANA POLYTECHNIС» жоғары колледжінде «Ақпараттық кабельдік желілер» құзіреттілігі бойынша мамандар даярлау тақырыбында қалалық шеберлік сағат өтті.

Шеберлік сағатын өткізу  мақсаты –  «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігіне арналған жабдықтарды  көрсету кезінде шебер мен қатысушының бірлескен жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Шеберлік сағатқа колледждердің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Қалалық шеберлік сағатта «Ақпараттық кабельдік желілер» WSK құзыреттілігі бойынша «Талшықты-оптикалық кабелдерді монтаждау және дәнекерлеу»  тақырыбы бойынша шеберлік сағат өткізілді. Колледж  педагогтері  «07140900 – Радиотехника, электроника и телекоммуникация» мамандығы бойынша сатып алынған заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағатқа қатысушыларды «Ақпараттық кабельдік желілер» оқу шеберханасының жұмысымен таныстырды. 

Колледждің  өндірістік  оқыту шеберлері  Осинская В.Ю., Әділбек С.Қ., Жантаев С.У., Танирбергенова С.К., Сәбитова А.М., Шорағулова Г.К., өндірістік оқыту сабақтарында студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруда өздері қолданып жүрген оқыту технологияларын көпшілік назарына ұсынды.

Шеберлік сағатқа қатысушылар инновациялық идеяларды енгізу және жаңа құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы байланыс саласы мамандарын сапалы дайындауға колледж оқытушыларының қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған