Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын түсіндіру

2023 жылғы 10 наурыз күні сағат 15.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК наурыз айының жоспарына сәйкес №36 орта мектеп базасында ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын түсіндіру» тақырыбында қалалық семинары өтті.

  • Семинардың мақсаты Астана қаласындағы ағылшын тілі педагогтеріне ББЖМ-ның өткізу тәртібін түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету.

Қатысушылар: Есіл ауданының 70 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Спикерлер өз қызметінде заманауи технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін, жаңа формаларын сәтті қолданып, бұл бағытта белгілі тәжірибе мен нәтижелерге ие.

         Семинар барысында №65 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Искакова Алия Айтказовна, №67 гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Мылтыкбаева Бакыткуль Кабимолдановна, №38 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Туитина Замзагуль Калкеновна «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында өз шеберліктерімен бөлісті.

Семинар барысында оқу сауаттылығы бойынша тест алу ұсыныммен таныстырылып, ағылшын тілінің көмегімен оқытудың функционалдық сауаттылығын арттыру тиімділігін айқындады. Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп,өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған