Қазіргі білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің өзектілігі

2021 жылғы 7 сәуір күні екіжақты келісім шеңберінде Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің оқытушылары үшін «Қазіргі білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің өзектілігі» тақырыбында вебинар өткізілді. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА аға ғылыми қызметкері және Нұр-Сұлтан қ. білім беру ұйымдарының мұғалімдері инклюзивті білім берудің нормативтік құқықтық актілері туралы сөз қозғады, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі өзіндік  тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында спикерлер сұрақтарға жауап беріп, инклюзивті білім беру саласында көптеген ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған