Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2023 жылғы 10 наурыз күні Астана қаласы  «Әдістемелік орталығы»   № 8 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Құндылыққа толы мектебім» атты қалалық семинар өткізді.

Іс-шара мақсаты – ұлттық құндылықты сабақ барысында қолдану бойынша  тәжірибе алмасу және әдістемелік көмек көрсету.     

Семинардың алғы сөзін бастауыш оқу ісі орынбасары Боханова К.М бастап берді.  

Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. «Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу» тақырыбында сөз сөйледі.

№ 8 мектеп-лицейінің директоры Айтимова Г.Е «Құндылыққа негізделген білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, мектептегі құндылықтар бойынша атқарылған жұмыс нәтижесін көрсетті. Семинарға келген мұғалімдер мектептегі білім алушылардың жобалық жұмыстары мен қолөнерлері қойылған  көрмені аралады. Білім алушылар келген қонақтарға қалалық деңгейдегі көрмелерге ұсынылған жобалармен таныстырды.

          Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері құндылыққа негізделген ашық сабақтарын көрсетті.

2 «Ғ» сынып. Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: «Өтірік өлең». Багдал М.

2 «А» сынып. Математика. Тақырыбы: «Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер». Ахметова Г.А

3 «А» сынып. Ағылшын тілі. Тақырыбы: «Inventions in Kazakhstan». Ахатай С.

3 «Г» сынып. Орыс тілі. Тақырыбы: «Казахский соловей» Биболова С.С 

3 «Б» сынып.  Жаратылыстану. Тақырыбы: «Үйкеліс күші дегеніміз не?». Габдуллина А.М

          Семинарға елорда мектептерінің бастауыш оқу ісі орынбасарлары мен жас мамандар қатысты.

         №8 мектеп-лицейінің тәрбие ісінің орынбасары Рәт А.Н «Тәрбие процесіндегі бағыттар мен құндылықтар үйлесімі» тақырыбында тәрбие бағыттар мен құндылыққа негізделген іс-шараларды ұйымдастырудағы кеткен кемшіліктерді айта отырып, оның шешілу жолын айтып берді.

Осы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатенова А.С «Неліктен PBL дәстүрлі білім беруден жақсырақ?» тақырыбында PBL әдістемесінің басымдылықтары мен нәтижелі жұмыстарын көрсетті.

№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Ахметкалиева К.К, Тлеубергенова К.С «Ақпараттық коммуникациялық технология құзіреттілігін қалыптастырушы бағалауда тиімді қолдану»;

№ 77 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Мукажанова Д.К, Сәрсенбекова А.А «Оқу мақсаты – оқу әрекеттерін жоспарлаудың негізі»;

№59 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Исмайлова Ф.К, Ильясова Г.А «Электронды ресурстарды сабақта тиімді қолдану»;

«NURORDA» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Бухарбай Ф.Б «Z ұрпақ және құндылық» тақырыбында шебер сабақтар өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шебер сабақта АКТ әдістемелерінің электронды ресурстар мен платформалардың тиімді жақтарын, сабақта қолданылуын практикалық түрде көрсетті, әріптестер белсенді атсалысты.

         Семинар соңында рефлексия ұйымдастырылды, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған