Әдістемелік көмек

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекетік аттестаттаудан өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету және зерделеу мақсатында 10 наурыз күні Астана қаласы әдістемелік орталығының әдіскерлері 21 орта  мектепте болды.

Мектеп ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік көмек көрсетуде келесі талаптар бойынша сұрақтар қарастырылды: оқу-әдістемелік жұмыс, нормативтік –құқықтық құжаттар, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме, білім алушылардың білім сапасын бағалау. Мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған