ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАБАҚШАЛАР «АНА, ӘЖЕ ЖӘНЕ МЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген «Ана, әже және мен» республикалық байқауының қалалық кезеңіне барлығы 65 өтінім түсті. Қалалық кезеңнің қортындысы бойынша І,ІІ,ІІІ орын иегерлері анықталып, оның ішінен бірінші орынға иеленген қатысушылар байқаудың келесі республикалық кезеңіне қатысуға жіберілді.

Байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

«Өнегелі әже, тәрбиелі немере» номинациясы – Астана қаласының №9 «Нұршашу» балабақшасының тәрбиешісі Муталив Бахытжан, тәрбиеленушісі Бекзат Айару;

 «Үздік әжелер мектебі» номинациясы – Астана қаласының №22 «Әлем»  балабақшасының тәрбиешісі Серкешова Жазира Болатовна, тәрбиеленушісі Мұратбек Жанайым;

«Үздік әжелер мектебі» номинациясы бойынша Астана қаласының «Академия» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі – Жортекеева Сауле Абухановна, тәрбиеленушісі Жарылқап Зерем.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған