2023 жылғы 9 наурызда «Жас психолог мектебі» оқыту семинары аясында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері, профессор А.Н. Тесленконың «Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік кәсіби факторы ретінде» тақырыбында дәріс-тренингі өтті, семинарға 18 педагог-психолог қатысты.
Интерактивті диалог түрінде педагогтың білім алушылармен және ата- аналармен тиімді қарым-қатынас жасау ерекшеліктері мен әдістері талқыланды. Дәріс аясында педагогикалық қарым-қатынас ақпарат алмасуды, тәрбиелік әсерлерді және коммуникативті құралдардың көмегімен қарым-қатынасты ұйымдастыруды қамтитын мұғалім мен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттесуінің біртұтас жүйесі ретінде қарастырылады.Тренинг түрінде психологтар ақпаратты тиімді тыңдау және беру тәжірибесін игерді.