«Құндылыққа бағдар: оқу-тәрбие үдерісіндегі инновация» тақырыбындағы семинар

Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 6 наурыз күні    №55 орта мектеппен бірлесе отырып «Құндылыққа бағдар: оқу-тәрбие үдерісіндегі инновация» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты: құндылыққа бағытталған оқу-тәрбие үдерісінде бірлескен жұмыс арқылы іс-тәжірибе алмасу. Семинар екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімі – құндылыққа негізделген білім. Бұл бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Нуркина 9 «Ә»-сыныбында Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі, химия пәні мұғалімі Э. Алпысбаева 8 «А» сыныбымен «Оксидтердің қасиеттері мен қолданылуы», 6 сыныптың биология пәні мұғалімі А. Ахметова «Обралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар» тақырыбында сабақтарын құндылықпен байланыстырып өткізді. Осылайша алғашқы бөлімде құндылыққа негізделген он сабақ өтті. Барлық сабақта құндылықтар көрініс тапты.

         Екінші бөлім – құндылыққа негізделген тәрбие. Бұл бөлімде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д. Темирова мен  Л. Демеуова «Құндылққа негізделген білім беру» жобасының іске асырылуы жайлы баяндап, жобаны іске асыруда психологтардың да көмегі бар екендігін айтып өтті. «Жылулық – жан жүректен» ата-анамен жұмыстың ерекше формасымен К. Оралбаева мен Д. Тулегенова бөліссе, «Жаңарған дәстүр» оқушылармен жұмыстың жаңаша түрін М.Бахтиярова мен Э.Айтмбетова ұсынды. «Құндылық бізге не берді?» сұрағына мектептің тәжірибелі мұғалімдері С. Нысанбаева мен У. Ажибаева жауап беріп, семинарды қорытындылады.

         Семинар соңында курс тыңдаушылары өздерінің кері байланысын ұсынды. Мектеп ұжымы «Алғыс» әнімен семинарға қатысушыларға өздерінің алғысын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған