Балалар көркемсурет мектебінде пәндерді оқытудағы педагогикалық олжалар: дәстүрлер мен жаңашылдық

2023 жылғы 03 наурыз күні қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Балалар көркемсурет мектебінде пәндерді оқытудағы педагогикалық олжалар: дәстүрлер мен жаңашылдық» атты қалалық семинар-практикум өтті.

Семинарды Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Балар көркемсурет мектебімен бірлесе отырып, ұйымдастырып өткізді.

Семинарды Балалар көркемсурет мектебі директорының оқу ісіжөніндегі орынбасары Өтепова Әлия Шәкіржанқызы ашып, Балалар көркемсурет мектебіндегі көрме қызметі мен оқу процесінің өзара байланысы туралы айтып өтті.

Семинардың практикалық бөлімінде Балалар көркемсурет мектебінің педагогі Бадриденова Рәйсә Маратқызы «Сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында гипс декорын жасау» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті. «Ши тоқу технологиясын» қосымша білім беру педагогі Ахметова Аягөз Асқарқызы; «Кендір жіптен тоқылған себетті» қосымша білім беру педагогі Климова Ольга Олеговна, «Көрпеге арналған қарапайым жиектемені» қосымша білім беру педагогі Негметжанова Сания Әнуарқызы таныстырып, көрсетті.

Семинар-практикумның соңында қатысушылар шеберлік сыныптардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Семинар өте жан-жақты, пайдалы болды. Педагогтер тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар сәндік-қолданбалы шығармашылықтың әртүрлі әдістерімен қолөнер бұйымдарын жасау бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған