Тарих пәні сабақтарының дамыту потенциалы — функционалды сауаттылықтың компоненті

         03.03.2023 жылы №83 мектеп-гимназиясында «Тарих пәні сабақтарының дамыту потенциалы — функционалды сауаттылықтың компоненті» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерімен  қалалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласының мектептері бойынша  61 тарих пәні мұғалімдері қатысты.

            Семинардың салтанатты ашылуына қатысушылар мен қонақтарды гимназия директоры С.Теменова мен Астана қаласының Әдістемелік орталығының әдіскері Қ.Баяхметбаева құттықтады. Гимназия директорының орынбасары Қ.Ботабекова мектеп туралы мәліметпен таныстырды.

            №83 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі білім берудің жаңа бағыттарын белгілейтін және заманауи мектеп мұғалімдерінің мәдениетін қалыптастыратын бірегей мазмұнды ұсынды. Мұғалімдер тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесін, инновациялық технологиялар мен финдік білім берудің озық әдістерін пайдалана отырып, құзыретті тұлғаны қалыптастыру тәсілдерін көрсетті.

            Семинар алаңында фин әдісі бойынша 5 инновациялық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың  алдын ала бейнелеу және STEM сабақтарында дайындаған сабақ тақырыбы бойынша демонстрациялық материалдар қолданылды. Сабақтар кіріктірілген түрде өтті. Сабақта тікелей өзара оқу және өзара бағалау әдістері пайдаланылды. 
    Әріптестер Г.Шәкенова, А.Керімбекова, Д.Мақсұт, А.Дастенбекова, А.Кенжібаева сабақтарында оқушылардың Б.Блум таксономиясының талдау, синтездеу және бағалау деңгейіне жеткенін атап өтті. Сабақта қолданылған стратегиялар сабақтың мақсатын ашуға бағытталды.
            Семинардың екінші бөлімінде мұғалімдер келесідей шеберлік сабақтарына қатысты:
- «Тарих сабағында қолданылатын цифрлық платформалар» (Р. Тәкебаев),
-«Ұлттық құндылықтардағы тарихи концепт» (Б.Ешенхан),
- «Авторлық жұмыс жасаудың тиімді жолдары» (Ф. Рүстемова).
            Іс-шара барысында «Ұлы даланың жеті қыры» (М.Кәмешев) атты мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Сонымен қатар  қатысушылар жас ұстаздың (С. Жолдыбаев) сынып сағатында болды. Семинар соңына қарай тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші А.Сабыркулова және жас тарих пәнінің мұғалімдері Н.Алдабергенова мен Д.Қайдаровалардың өткізуімен дарынды оқушылармен жұмыс жасау бойынша коучинг-сессиясы болды.
            Рефлексияда қонақтар өзара байланыс телефондарымен, жұмыс пошталарымен алмасып, семинардың жоғары әдістемелік деңгейде өткенін атап өтті. Семинарды ұйымдастыру мектеп және жалпы елорда мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын дамытудағы іскерлік және кәсіби құзыреттіліктің жоғары стандарттарын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *