«Introduction de l’enseignement bilingue» атты халықаралық семинары

Астана қаласының Білім басқармасы мен Франция Елшілігінің бірлескен жобасы «Introduction de l’enseignement bilingue» атты халықаралық семинары 01.03-02.03.2023 жылы ұйымдастырылды.

Мақсаты – жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді француз тілінде билингвалды оқыту жүйесі арқылы дамыту  

Тәжірибе алмасу алаңының шет елдік қонақтары : Француз елшілігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс,  Франция елшілігінің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан, Францияның Қазақстандағы білім беру саласындағы ынтымақтастық елшілігі Ксавье Ле Торривеллек және Парижден келген сарапшылар Франсис Бланше, Мари-Ноэль Сенежу.

Аталған семинарға ел аумағындағы орта және жоғарғы оқу орындарында француз тілінде білім беретін пән мұғалімдері және ҚР Парламентінің депутаты Н.Раззак, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Е.Б.Нурланов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Б. Сыдыков, Астана университетінің ректоры С.А.Ирсалиев, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының меңгерушісі М.А.Тыныбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алгебра және геометрия кафедрасының оқытушысы  А.С.Сарсекеев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қ.С.Сенгазыев, Астана қаласының Әдістемелік орталығының басшысы Дауешова Сындар Маратовна қатысуда

Семинар барысында №17 мектеп-гимназиясының француз тілі, математика және физика пәндерінің мұғалімдері: Г.Ж Досмаганбетова, К.К Жаксимбетова, В.А Мут., О.О Есенгужин, Г.Т Бейсмолдаева өз шеберліктерімен бөліседі. Алғашқы күні жекелеген пән мұғалімдері сабақтар өткізіп, оқу материалына қатысты тақырыптарды талқылады. Семинар билингвалды оқыту жүйесі педагогикалық табыстың кепілі болып табылатынын көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған