«Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасының жүзеге асырылуын талқылау мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлері мен бастауыш сынып орынбасарларының қатысуымен онлайн форматта отырыс өткізілді.
Жоба балабақша мен мектептің арасындағы сабақтастықты орнату, бірыңғай білім беру кеңістігін ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Отырыс барысында:
● балабақша мен мектептің арасындағы жоба жұмысы бекітілді;
● «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасының ережесі мен жоспары таныстырылды;
● екі білім беру деңгейі арасындағы жылдық жұмыс жоспары талқыланды;
● өзара әрекеттесетін балабақшалар мен мектептердің тізімі анықталды.