«Қысқа мерзімді жоспарды жүйелі құрастыру – табысты оқытудың кілті» оқыту семинары

2023 жылдың 27 ақпан күні Қ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарды тиімді құрастыру арқылы оқу мақсатына негізделген сапалы сабақ беру мәселесі  бойынша оқыту, тәжірибемен бөлісу мақсатында орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған «Қысқа мерзімді жоспарды жүйелі құрастыру – табысты оқытудың кілті» оқыту семинары өтті.

Семинарда Смаилова Айкен Исатаевна,  Ахмет Байтұрсвнов атындағы BINOM school мектеп-лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бойынша қысқа мерзімді жоспарды тиімді  құрастыру», Байбақы Айтжан Қайриденқызы, М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Оқытудың белсенді әдістерін сабақ жоспарлауда тиімді пайдалану», Рамазанова Назерке Рамазанқызы, Қ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Сабақ жоспарлау кезінде сараланған тапсырмалар жүйесін жасау»,  «Әдістемелік орталық» әдіскері Маманова Жанар Сейтахметқызы «ҚМЖ құруда жіберілетін қателіктер» тақырыбы бойынша мәселелерге тоқталып, тәжірибе бөлімінде қатысушылармен ҚМЖ тиімді құру мәселелері талқыланып, жұмыс жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған