2023 жылдың 28 ақпанында Астана қаласының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен No54 мектеп-лицейде «ББЖМ-ға дайындық үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Қауымдастық жетекшілері мен мүшелері қатысты.
Семинарда ББЖМ-2022 нәтижелері талқыланды, 4,9 сынып оқушыларын ББЖМ-ға дайындау бойынша мектептер мен мұғалімдердің озық тәжірибелері ұсынылды.
Қауымдастық мүшелері сабақта инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесімен бөлісті.
Кері байланыс тиімді өтті, оның барысында қатысушалар ББЖМ-ға жұмыс жүйелі болуы керек, сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады деген қорытындыға келді.