«Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мұғалім әрекеті» қалалық семинар физика пәні мұғалімдерімен іс- тәжірибе алмасу

Жоспар бойынша физика пәні мұғалімдеріне  2023 жылының 28 ақпанында  №84 мектеп- лицейінде «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мұғалім әрекеті» тақырыбында  қалалық семинар өткізілді. Семинарда қала мектептерінің физика пәні мұғалімдері тәжірибе алмасты.

Семинардың мақсаты: Мұғалімнің практикасындағы функционалдық сауаттылықты дамыту идеялары негізінде  тәжірибелер алмасу.

Ұстаздың функционалдық сауаттылығы – бұл педагогикалық іс-әрекетті өзгерту бойынша құндылыққа бағытталған, жан-жақты дәлелденген, талаптарға сай ұйымдастырылған, нақты мақсатты көздейтін кәсіби қызметі.

Семинарда физика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру  бойынша  мұғалімдер  өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер сынып сағаттарын өткізді. «Функционалдық сауаттылықты сабақтарда дамыту жолдары», «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мұғалім әрекеті», «Физика сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында тәжірибе алмасты.

Астана қаласы мұғалімдер арасындағы байланысты нығайту – саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі екендігін біле тұра, өзара ынтымақтастық, бала тәрбиесі мен білім алуына оңтайлы орта жасауда жұмыс бағыттары көрсетілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған