«Театрландырылған қойылымның балалардың дамуындағы рөлі» тақырыбында семинар өтті

2023 жылғы 28 ақпанда Астана қаласының №47 «Ақ желкен» балабақшасында эксперименттік алаң жұмысын жалпылау аясында «Театрландырылған қойылымның балалардың дамуындағы рөлі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға 50-ден астам балабақша әдіскерлерімен педагогтері  қатысты.

Іс-шара барысында тәрбиенушілер «Музыкалық сәлем» театр киімдерінің көрсетілімін ұсынды және «Ормандағы оқиға» музыкалық-театрландырылған қойылымын, «Ерте, ерте, ертеде….», «Қызыққа толы театр әлемі», «Туған күнге сыйлық» ойындарын және «Қорапша» понтомимасын көрсетті. Сонымен қатар, қатысушыларға  «Балаларға қандай ертегі оқисыз?» тақырыбындағы шебер-сынып өткізілді. Семинар соңында, балабақша психологы «Эмоциялық көңіл-күй» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг жүргізді. Семинарға  қатысушылар алған әсерімен бөлісіп кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған