«Successful teaching – successful pupils» тақырыбында семинар өткізілді

2023 жылғы 27 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айындағы жоспарына сәйкес 28 мектеп-лицейінде ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Successful teaching – successful pupils» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты- заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы табысты оқушыны тәрбиелеу және дамыту жүйесін жетілдіру.

Іс-шара шағын теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды, онда лицей мұғалімдері белгілі бір білім беру технологиясы бойынша жұмыс істеудің тиімді әдісі және түрлерімен бөлісті.

Астана қаласы мектептерінің 60 ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.

Семинар № 28 мектеп-лицейінің директоры А.Ж.Кусаинованың кіріспе сөзімен ашылды. Ол «Табысты оқыту – табысты оқушылар» тақырыбындағы семинардың барысы, мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

Одан әрі іс-шараны директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Р. Хайлитдинова және директордың оқу ісі бойынша орынбасары, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.К. Баужанова жалғастырды. Олар өз баяндамасында  мұғалім жұмысының негізгі мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану екендігін атап өтті. Қазіргі заманауи мектеп мұғалімдерге келесідей талаптарды қояды: оқытудың жаңа формаларын, әдістерін, технологияларын іздеу. Мұғалім заманауи технологиялардың, идеялардың, бағыттардың кең ауқымын қолдануы қажет.

№28 мектеп-лицей ұстаздары өз қызметінде заманауи технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін, жаңа формаларын сәтті қолданып, бұл бағытта белгілі тәжірибе мен нәтижелерге ие.

Семинар бастауыш сынып мұғалімдері Г.К. Нурмуратова, А.Т.Темірханова, Д.М. Пугачевалардың  «Game technology» тақырыбындағы баяндамаларымен жалғасын тапты. Осы бағытта белгілі бір тәжірибе мен нәтижеге ие бола отырып, олар келесі технологиялардың: «CAMERA»,  «Bloom’scube», «Theatrical performance» «Cowboys» «Vocabulary Game»  әдіс-тәсілдерін, түрлерін тәжірибеде айтып, көрсетіп, мұғалімдермен бірге пысықтады. Әрі қарай орта буын мұғалімдері: М.М. Камешова, Г.А. Касымбекова «Technology of development al education» тақырыбында сөз сөйледі. Сонымен қатар олар «Spotthelie», «Compose a story», «Likesand Dislikes», «Basketball» технологияларымен жұмыс істеу түрлері мен әдістерімен бөлісті. 

Семинар жоғары сыныптарда сабақ жүргізетін: Ю.А.Пургина, Г.К.Какимовалардың «ICT technology», «Socrative, Plickers, Nearpod» платформаларында жұмыс істеу түрлерін көрсетуімен жалғасты.

Әрбір баяндамадан кейін семинарға қатысушыларға осы технологиялар бойынша буклеттер таратылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *