«46-СӨЗ: өз сөзім өзімдікі» атты tedX форматында семинар

Бүгін мектебімізде 2023 жылдың 24 ақпан күні әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес «Абай кіші академиясы» жобасының аясында «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназия» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен  «46-СӨЗ: өз сөзім өзімдікі» атты tedX форматында семинар ұйымдастырылды. Семинар  әдістемелік орталық басшысы С.М. Дауешованың құттықтау сөзімен ашылды. Семинар барысында «Абай Академиясы» ҒЗИ директоры

Ж.М. Әубәкір «Абай Академиясы – Білім Мен Ғылымның Алтын Көпірі», п.ғ,магистрі  Д.М.Ихсан  «Абайға ұқсағым келеді», п.ғ. магистрі, педагог- шебер Л.Т.Касымова «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», п.ғ. магистрі Қ.Қ.Салыбай «Абайдың он жетінші теоремасы», Алаштанушы ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Phd докторанты З.Т.Кәрімхан «Абай – ағартушы емес…» тақырыптарында еркін пікір алмасты.

Қатысушылар Хакім Абайдың «толық адам» ілімі – бүгінгі күннің ұстанымы, барша адамзатқа дұрыс жол сілтейтін темірқазық. Әр мұғалім Абай Құнанбайұлының «толық адам» ілімі негізінде асыл қасиеттерді жинай білсе, бүгінгі қоғамның басты тұлғасына айналатыны жөнінде тың ақпараттар алды.

Семинар соңында  абайтанушы А.М.Габдулина мектеп қабырғасында Абайды бастауыштан оқытып жатқанымызды айта келе, барлық мектептерде оқыту керектігін ұсынды. Семинарға қатысқан 150 жуық тәрбие орынбасарлары мен мұғалімдер  кері байланыс жасап, алғысын білдірді. Семинарда өз  тәжірибесімен бөліскен спикерлерге  сертификаттар табысталды. Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын таппақ.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған