«Спортпен шұғылдан, белсенді тамақтан» атты семинар өтті

2023 жылғы 27 ақпанда №64 мектеп-лицейде «А-дан Я-ға дейін дұрыс тамақтану» жобасы аясында «Спортпен шұғылдан, белсенді тамақтан» атты семинар өтті.

Семинарға жобадағы мектептердің 50-ден астам бастауыш сынып педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында «Жеміс-көкөніс карнавалы», «Күштірек болу үшін не жеу керек?», «Сүт және сүт тағамдары» тақырыбында ашық сабақтар, «Спортпен шұғылдан, белсенді тамақтан» тренингі өткізілді.

Семинар соңында, қатысушылар іс-шаралардан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді және алдағы уақытта білімалушылардың дұрыс тамақтануда әліде көңіл бөлетін тұстарын талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған