Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 24 ақпан күні Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Отбасындағы әкенің рөлі» атты ток-шоу өткізді. Іс-шараға қалалық жалпы білім беру мектептерінің әкелері қатысты.
Іс-шараның спикелері:
— Атыбай Болат, Астана қаласының БСҚД-нің жанындағы Педагогикалық әдепті сақтау және педагог құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның мүшесі;
— Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы;
— Бұғыбай Қасымхан, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актеры, «Мәдениет саласының үздігі»;
— Балабек Сақтағанов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының жетекші сарапшысы PhD доктор;
— Жігер Төлеуқан, «Құндылықтарға негізделген білім беру» Qundylyg.kz негізін қалаушы, тренер, ментор.
Ток-шоуда әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлі туралы сұрақтар қозғалды. Әкелер өзекті сұрақтар қойып, кездесу қызықты өтіп, өзекті мәселелер талқыланды. Ток-шоуға қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.