«Multimedia Technology in Foreign Language Teaching» тақырыбында қалалық семинары өтті

2023 жылғы 23 ақпан күні сағат 9.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айының жоспарына сәйкес №78 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған «Multimedia Technology in Foreign Language Teaching» тақырыбында қалалық семинары өтті.

  • Семинардың мақсаты Астана қаласындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында ағылшын тілі сабағында сапалы білім беруді тиімді ұйымдастыру.

 Семинарды ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, №78 мектеп-гимназиясы.

Қатысушылар: Есіл ауданының 70 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар 2 бөлімнен тұрды: 1 бөлім – практикалық , 2 бөлім-теориялық.   Семинарға  10 мұғалім қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 Әдістемелік орталығының әдіскері Б. М. Қалмағанбетова «Multimedia Technology in Foreign Language Teaching»тақырыбындағы семинардың бағдарламасымен  таныстырып, мақсат, міндеттеріне тоқталды.                    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, American Embassy өкілі Огуст Гариси «Interactive training energizer for whole group» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Ә.Кекілбаев атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің педагогі Райхан Нұрбековна, Асия Тілектесова «American English for Educators and Digital Vocabulary Tools», Еуразия Ұлттық университеті магистранты Айгерім Ескалмасова, Ә.Кекілбаев атындағы «Binom School» мұғалімі Талшын Мақұлбек «Google Forms as a Tool For Creating Interactive Games», Еуразия Ұлттық университеті магистранттары Динара Жұмашева, Март Мерей «Gamified Learning», Елена Галкова, №66 мектеп-лицей мұғалімі ,№81 мектеп-гимназия мұғалімі Айгерім Тілеуғабылова  «Interactive Listening Activities in FLT», ,№81 мектеп-гимназия мұғалімдері Самал Рашатова, Асия Елбергенова «Teaching Strategies for ELT», «Online Resources for ELT» тақырыптарында шебер сыныптар өткізді.

  Семинар соңында American Embassy өкілі Огуст Гариси  тәжірибе алмасқан  мұғалімдермен  кері байланысқа түсіп, семинардан алған әсерімен бөлісіп, өз тілегі мен ұсынысын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған