ӨҢІРЛІК ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2023 жылдың 24 ақпанда ҚР ОАМ  «Балаларды ерте дамыту институты» РММ облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйым басшылар   мен әдіскерлерінің қатысуымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың  жаңа құралдарын енгізу» тақырыбында онлайн форматта өңірлік оқыту семинарын өткізді. Семинарға елорданың әдістемілк орталығы әдіскерлері мен мектепке дейінгі білім  беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Оқыту семинарында:

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ п.ғ.д., профессор Жиенбаева Сара Нағашыбайқызы «Білім саласындағы халықаралық өлшеу шкалалары»;

ҚО ОАМ БЕДИ директоры Адамова Манара Елекенқызы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы бағалау критерийлері» тақырыбында баяндамаларын ұсынды.

Астана қаласы №95 «Алматы» балабақша меңгерушісі Смакова Анар Долдабекқызы балабақшадағы  пилоттық жобаның  жүзеге асырылуымен таныстырды.

Семинар соңында қатысушылар толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған