Жасөспірімдер агрессиясы: пайда болу себептері және алдын алу

2023 жылдың 23-ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерілері «Өмірге ИӘ деп айт!» акциясы аясында педагогтердің кәсіби білімін кеңейту мақсатында «Жасөспірімдер агрессиясы: пайда болу себептері және алдын алу» тақырыбында «Көлік және коммуникация жоғары колледжінің» педагогтеріне арналған семинар-практикум өткізді. Семинарға 40 педагог қатысты.

           Семинар басында «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Б. Ж. Хатпина құттықтау сөз сөйледі. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К.М.Хамзина агрессияның табиғаты мен құрылымының ерекшеліктері, түрлері мен формалары, жасөспірімдер агрессиясының негізгі себептері туралы мағұлмат берді. Әдіскер өз сөзінде жасөспірімдердің мінез-құлқын түзету бойынша педагогтер жұмысының кейбір аспектілеріне, балаларға құзыретті көмектің маңыздылығына егжей-тегжейлі тоқталып өтті, сондай-ақ іс жүзінде қол жетімді жұмыс әдістерін көрсетті.

       «Қазақ бизнес және технологиялар университеті» АҚ колледжінің педагог-психологы Н.К.Кенжегарина және «Бизнес және білім менеджменті колледжінің» педагог-психологы Ж. А. Асылбекова қатысушылармен жағдаяттық тапсырмалар  шешімін табу кейсіне талдау жасады және тренингтік жаттығулар жүргізді.        

Семинар соңында педагогтерге осы бағытта алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді, қатысушылар іс-шараның әдістемелік маңыздылығын атап өтіп, алдағы кездесулер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған