БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ!

2023 жылғы 24 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің № 6 «Көктем» балабақшасында «Балабақшада ұлттық құндылықтарды насихаттау» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Семинарда бала тәрбиесінде  ұлттық құндылықтарды  бала бойына сіңіру үшін жүргізілетін жұмыстар  түрі және ұмыт қалған ұлттық қазыналарымыз «Алтыбақан», «Қамшы өру», «Айтыс» өнерін балабақшада ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Балабақшадағы «Үштік одақ» жұмысын жандандыру мақсатында қазақ тілі маманы ата – аналармен   бірлесіп ертегіні сахналады.

       Сонымен қатар,  ұмыт қалған «Ұлттық ойынмен шынығамыз», «Ай мен күн», «Атбақыл», «Бүркіт», «Түйілген орамал» ойындары  ұйымдастырылды.

       Семинар соңында балабақша педагог-психологі «Ұлттық құндылықты сақтай білейік» тақырыбында  қатысушылармен 

шебер-сынып  ұйымдастырды.  Топтық жұмыс «Айналмалы  ғажайып киіз үй тапсырмалары: ұршық иіру, жүн түту, сандықты ұлттық оюмен безендіру» сияқты тапсырмалардан тұрды.

Семинарға елордалық мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарынан 25 педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған