Коллин Маклафлин мен Кейт Эванстың қатысуымен «Share» жобасы бойынша тәлімгерлік сессиялар

2023 жылдың 20-23 ақпаны аралығында Кембридждегі әріптестер Коллин Маклафлин мен Кейт Эванстың қатысуымен «Share» жобасы бойынша тәлімгерлік сессиялар өткізілді.

«Share» жобасына қатысатын мектептер жұмыстың қай кезеңіне келгені туралы ақпаратпен бөлісті. Сессия залдарындағы мұғалімдер жобаға қатысу кезінде қандай өзгерістер болғанын, сондай-ақ әр топ осы өзгерістердің қандай дәлелдерін ұсына алатындығы туралы ойларын білдірді.

Жоба аясында зерттеуші педагогтер тобы келесі сұрақтармен жұмыс істейтін болады: 1.Білім алушылардың қатысуы дегеніміз нені білдіреді? 2. «Бұл нені білдіреді» туралы сізде жалпы түсінік қалыптасқан ба? 3. Оқушылардың өзін оқытуға толық қатысатыны туралы қайдан білеміз?

Сондай-ақ, қатысушылар 2023 жылдың қазан айына дейін жалғасатын AR зерттеу жоспарымен танысты. Фасилитаторлар қатысушыларға осы тақырыпты зерттеу әдістемесінің қажетті ұсыныстары мен нұсқаулықтарын ұсынды. 14 наурызға дейін әр мектеп зерттеудің барлық этикалық принциптерін сақтай отырып, 14-16 наурызда болатын келесі менторлық сессияда ұсынылатын мәліметтерді жинайды. Нәтижесінде әр мектепте аяқталған зерттеу болуы керек, оның нәтижелері бойынша мектептер дәстүрлі шағын конференцияда және күзде NIS халықаралық конференциясында бөліседі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *