«Домбыра үйрету бағдарламаларындағы педагогикалық әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтті

           2023 жылғы 23 ақпанда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясында  «Домбыра үйрету бағдарламаларындағы  педагогикалық әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтті.

          Семинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептеріндегі  домбыра үйірмелері педагогтерінің кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзіреттілігін арттыру мен дамуына ықпал ету, домбыра үйрету бағдарламаларындағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді жетілдіруге әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.

         Семинар аясында Ілияс Есенберлин атындағы № 67 гимназиясы домбыра үйірмесінің жетекшісі  А.К.Шаяхметов  Ж. Нәжімеденовтың «Домбыра үйрену оңай ма?» атты “Сандық тәсіл” технологиясы, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының дирижері, күйші-композитор, мәдениет қайраткері  Н.А.Бекенов «Домбыра үйірмесін ұйымдастырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында, PhD докторы, ҚазҰӨУ, Домбыра  кафедрасының оқытушысы  Д.Т.Тапенов «Домбыра сыныбында шығармашылық бастаманы тәрбиелеу», №2 Өнер мектебі, домбыра сыныбының оқытушысы Б.Б.Дуйсенгазиев «Жалпы білім беретін орта мектептердегі домбыра үйірмелерінің жүргізілуі», М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы музыка пәні мұғалімі  А.С.Калиакпер  «Мұрагер» бағдарламасы бойынша музыкалық білім берудің негізгі ерекшеліктері» тақырыбында  шебер-сыныптарын өткізді.  №91 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Г.Т.Маныбаева «Музыка пәнінде домбыра аспабын үйретудің тиімді тәсілдері» тақырыбында жеке авторлық бағдарламасымен таныстырды.                                                                             

              Жалпы орта білім беретін мектептердегі домбыра үйірмесінің нәтижесін көрсету мақсатында  “Ұлттық домбыра күні” мерекелік іс-шарасына  үш мың оқушыны қатыстыру  жөнінде ұсыныс айтылды.   Семинарға қатысушы мұғалімдер бұл ұсынысқа қолдау көрсетті.

            Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады. Семинар жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған