Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен № 65 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 23 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің ізденісі мен шеберлігі – білімнің кілті» атты қалалық семинар өтті.

Іс-шара мақсаты –  мұғалімнің ізденісі мен шеберлігін, инновациялық идеяларды тәжірибеде  көрсету, бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісуі.

          Семинар барысында № 65 мектеп-гимназия директоры Елекеева Н.Ж. қатысушыларды жүргізіліп жатқан әдістемелік жұмыстар мен мектептің тыныс-тіршілігі туралы презентациямен таныстырды.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. «Бастауыш сынып оқушыларына заман талабына сай білім беру: жетістіктер, проблемалар, шешу жолдары» тақырыбында сөз сөйледі.

          Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері 10 ашық сабақ көрсетті.

4 «Ә» сынып. Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: «Сатылған көлеңке». Баймағамбет М.Қ. Ертегі сабақ.

4 «Н» класс, Русский язык. Тема: «Глагол. Изменение глагола по лицам и числам». Нургалиева А.К.  Квест -игра.

3 «П» класс. Русский язык. Тема: «Род имен существительных». Хасанова С.К. Урок-путешествие.

3 «Ә» сынып. Дүниетану. Тақырыбы: «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?». Джумаева Ф.Т. 

4 «Ж» сынып.  Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: «Шөл». Сүлейменова К.К.

2 «Н» класс. Русский язык. Тема: «Имя существительное. Повторение» Манатова А.С. «Что? Где? Когда?»  интеллектуалды ойын.

2 «Ж» сынып. Жаратылыстану. Тақырыбы: «Күннің «достарын» білесің бе?» Жетписова А.А.

2 «М» класс. Познание мира. Тема: «Как древние люди перешли к производящему хозяйству». Мурзагулова М. С.

 4 «Е» сынып. Қазақ тілі. Тақырыбы: «Зат есімнің септелуі» Бозбаева Б.Т «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойын.

3 «А» сынып. Қазақ тілі. Тақырыбы: «Сөз таптары». Мұхаметжанова Ш.Е. «Ғажайыптар алаңы» ойыны.

          Семинарға қатысқан қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері ертегі еліне саяхат жасады, сақтар елі жайлы кино түсірді, ғажайыптар алаңына барды, ғарышқа сапар шекті, шөл даланы шарлады.

         Сейтбекова А.Ж. «Ерекше сабақ – білім сапасын арттырудың бір жолы» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.

         Семинар соңында рефлексия ұйымдастырылды, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

         Іс-шараға  елордалық орта білім беру ұйымдарынан  150-ден астам  мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған