2023 жылғы 22 ақпан күні сағат 10.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айының жоспарына сәйкес №70 мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған «Modern educational tendencies in foreign language teaching» тақырыбында қалалық семинары өтті.
Семинардың мақсаты Астана қаласындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында озық білім беру әдістемесімен бөлісе отырып, білім беру сапасын арттыру. Коучинг-сессия тек теориялық бөлімнен ғана емес, практикалық бағыттан да тұрғандықтан, спикерлер өздерінің практикадағы өздік әдістемелерімен тиімді бөлісу.
Семинарды ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, №70 мектеп-лицейі.
Қатысушылар: Есіл ауданының 75 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар 2 бөлімнен тұрды: 1 бөлім – практикалық , 2 бөлім-теориялық. Осы семинарға мектептің 8 мұғалім қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарды алғы сөзбен №70 мектеп-лицейінің директорының м.а. А.Б. Айтбаев бастап, Әдістемелік орталығының әдіскері А. Б. Амирова «Modern educational tendencies in foreign language teaching» семинардың барысымен таныстырып, семинардың мақсат, міндеттерін айтты.
Іс-шараны әрі қарай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, American Embassy өкілі Огуст Гариси «Speaking Activities for Effective Classroom Engagement» тақырыбында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты, №70 мектеп-лицейінің мұғалімі, Қияқбай Нұрила Бақтиярқызы «The actuality of collaborative lesson planning in the professional development of FLT teacher» тақырыбында, Назарбаев Зияткерлік Мектебінің Халықаралық Бакалавриат бағыты бойынша жұмыс жасайтын мектебінің мұғалімі Болат Ержан «The importance of application of digital educational resources in FL» тақырыбында, Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің мұғалімі Көмекбаева Балжан Сейітханқызы «Analysis of a Culturally Adapted EFL Textbook for Developing Intercultural Competence at Secondary Schools in Kazakhstan» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
№70 мектеп-лицейінің Мукажанова Айжан Оркеновна «Impact of inquire-based learning on the development of speaking skills of school students» тақырыбында, Актанова Аяулым Аманжоловна «The relevance of inductive method in the development of speaking skills» тақырыбында, Касимова Мадина Жанатовна «Communicative approach as one of the effective way to overcome student’s language barriers in teaching English» тақырыбында, Рахымова Қаламқас Жанатовна «Resolutions of the multi-level classes teaching of foreign languages in the context of kazakhstani state schools» тақырыбында шебер сыныптар өткізді.
Кері байланыс padlet тақтасы арқылы алынды. Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдерге ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.