ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАБАҚШАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ!

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру мәселесі өзекті әрі маңызды. Жалпыға бірдей емес, әр баланы қабілетіне қарай оқыту, икемділігіне сай үйрету – бүгінгі  педагогиканың ұстанымы.          

   Бүгінгі күні Астана қаласында 98 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, оның ішінде 3 арнайы балабақша (23,64,96),     24 балабақшада түзету топтары және 54 балабақшада балалары әртүрлі бұзушылық түрлеріне ие инклюзивті топтар бар.

          Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды паш етіп, тәжірибе алмасу мақсатында Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы мен   №1 «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы «Әртүрлі балалар – тең мүмкіндіктер» тақырыбындағы Республикалық семинарды өткізді.

Республикалық семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Республикалық мемлекеттік мекемесінің Балаларды ерте дамыту институты, ЖШС  «Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы», Дүниежүзілік даму және қайта құру банкінің жобаларды басқару тобының инклюзивті білім беру маманы, ҚР 2022 жылғы Үздік педагогі  және әр өңірлердің білім беру ұйымдарының басшылары, елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері қатысты.

Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің маңызды аспектілері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау тәсілдері мен әдістері қарастырылды. Атап айтқанда, осы бағыттағы жұмысты жүзеге асыратын педагогтер, дене шынықтыру нұсқаушысы, арнайы білім беру педагогтері – логопед, дефектолог, педагог-психолог мамандар түзету-дамыту технологияларын, практикалық дағдыларын, шебер-сыныптар және ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы көрсетті. Сондай-ақ күннің екінші жартысында арнайы шақырылған қонақтар мен спикерлердің қатысуымен панельдік сессия жұмысы өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған