Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының әдіскерлері 2023 жылғы 21 ақпан күні №18 орта мектебінде аттестаттаудан өтетін мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, сабақ беру сапаларын зерделеді.
Зерделеу барысында сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижеге жету жолдары, сабақ құрылымының толық өтуі, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, барлық білім алушылардың оқу, бағалау процесіне тартылуына көңіл бөлінді. Сабақ соңынан әр мұғалімге әдіскерлер кері байланыс жасап, ұсыныстарын білдірді. Әдістемелік көмек күні мектеп әкімшілігімен кеңесте қорытыланды.