Молекулярлық биология бойынша зертханалық  жұмыстарды жүргізу және жаратылыстану –техникалық ғылымдар сабақтарында жасанды интеллектің цифрлық мүмкіндіктерін пайдалану

Астана қаласы  Әдістемелік  орталығының жоспары бойынша  химия және биология пәндері педагогтеріне арналып  «Молекулярлық биология бойынша зертханалық  жұмыстарды жүргізу және жаратылыстану –техникалық ғылымдар сабақтарында жасанды интеллектің цифрлық мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында «Quantum STEM School» базасында қалалық оқыту семинары өткізілді. Іс-шараны  химия және биология пәндерінің әдіскері Ш.Шакирова ұйымдастырды.

Қалалық оқыту семинары 2 бөлімнен тұрды.

Теориялық бөлімде:

-Дарынды балалармен жұмыстың бір принципі ретінде – оқушылардың танымдық қабілетттерін проблемалық оқыту арқылы дамыту;

-Жасанды интеллект – мұғалімдерінің маңызды құралы;

-Қолжетімді заттардан зертханалық жұмыстары;

–  STEAM-негіздері;

– Яндекс браузеріндегі Youtube бейнелерінің аудармашысы.

Практикалық бөлімде:

– BLAST бағдарламасы арқылы геномдарды зерттеу

– Фотосинтез және хроматография;

– Агарозды гелдегі ДНҚ электрофорезі;

– Геотропизм және өсімідіктердегі транспирация процесі;

– Аэробты және анаэробты тыныс алу;

– Митоз және ферменттер;

– Апельсин және алма шырынында С витаминін анықтау тәсілі.

       Семинарға қатысушылар кері байланыс беріп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шарадан әр педагог өзінің  болашақ педагогикалық тәжірибесіне қолдану үшін маңызды ақпарат, мол  тәжірибе ала алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған