Шағын туризм арқылы балаларға экологиялық тәрбие беруде жобалау әдісінің тиімділігі

2023 жылғы 17 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің №28 «Жұлдыз» санаториялық-балабақшасында «Шағын туризм арқылы балаларға экологиялық тәрбие беруде жобалау әдісінің тиімділігі» тақырыбындағы эксперименттік алаңның жабылу қорытындысы бойынша қалалық семинар өтті.

Семинар барысында 2020-2023 жылдар аралығында балабақша тәрбиеленушілерінің экскурсиясының жасаған бағыт картасы мен Ақмола облысының табиғи парктерімен қорықтарының картасымен таныстырды. Сонымен қатар фотосуреттер, табиғи материалдардан жасалған «Қорғалжын» қорығы, «Бурабай» және «Бұйратау» ұлттық парктерінің табиғат ерекшеліктері туралы фотосуреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Семинар соңында балабақшаның психологы Кучербаева Рахиля Утемуратовна қатысушы педагогтармен психологиялық тренинг жүргізді. Іс-шараға Астана қаласы Балалармен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының жетекшісі мен мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 20 педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған