2023 жылғы 17 ақпан күні Әдістемелік орталығы қаланың жас тарих пәні мұғалімдеріне «Дарынды шәкірт — білікті ұстаздан» оқыту семинарын өткізді. Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Д. Амиргалиева «Мәдениетті мұғалім болу деген не?» тақырыбында баяндама жасады. Спикерлер Г. Баязитова Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі «Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындаудың тиімді жолдары» үлгісі бойынша жас мамандарға бағыт-бағдар берді. Д. Сабанбай Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі «БЖБ мен ТЖБ құрастыруды үйрену және талдау» тақырыбында, Г.Сейтен І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жетудің баспалдағы» тақырыбында баяндамалар қорғалды. М. Оспанова Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі «Ғылыми жоба жазу талаптары» тақырыбында ғылыми жоба жазудың әдіс-тәсілдерін жас мамандарға үйретті. Оқушылармен ғылыми жоба жазуда қандай жұмыстар атқару керектігі және жетістікке жету жолдарымен бөлісті. М. Рахимжанова С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі «Дарынды оқушылармен жұмыс. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында жас мамандарға бағыт-бағдар берді. Семинар соңында ашық микрофон жұмыс істеді. Берілген сұрақтарға жауап беріліп, өткен іс-шараға әріптестер кері байланыспен аяқталды.