Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер қауымдастығының жұмысы

Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес 2023 жылғы 17 ақпанда құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер қауымдастығының бірінші отырысы өтті.

Отырысқа Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлері қатысты.

Отырысты Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері К.К. Абеуова ашты. Куралай Кенжеболатовна менеджерлерді күн тәртібімен таныстырып, қауымдастықтың 2023 жылға арналған мақсаттары және міндеттерімен таныстырды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер қауымдастығының қызметі мен функциялары туралы қауымдастық төрағасы, Шәкәрім атындағы №56 мектеп — лицейдің құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Досжанова Сабира Сабырбекқызы айтып өтті.

Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері С.С. Токсанова 2022 жылғы жұмысқа қысқаша талдау жасап, қауымдастықтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Отырыс барысында қауымдастық мүшелері жұмыс жоспарын қарастырып, бекітті, сондай-ақ менеджерлерінің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату, жұмыстың бірыңғай алгоритмін құру қажеттілігі  және т.б. мәселелерді талқылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *