«Арнайы пәндерді оқу процесінде WorldSkills  бағалау жүйесін енгізудегі қиындықтар және оларды  шешу жолдары»  атты  дөңгелек  үстел өтті.

2023 жылдың  15 ақпанында Құрылыс-техникалық колледжінің базасында   «Арнайы пәндерді оқу процесінде WorldSkills  бағалау жүйесін енгізудегі қиындықтар және оларды  шешу жолдары»  атты  дөңгелек  үстел өтті.

Іс-шараға Астана  қаласының ТжКББ ұйымдары директорларының  оқу жұмысы жөніндегі, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар теория мен практиканың сабақтастығы, дуальды оқыту жүйесінің енгізілуі бойынша мәселелер, халықаралық стандарттар бойынша демо-емтихан мен  WorldSkills жұмысшы мамандықтарының чемпионатын өткізу ерекшеліктері бойынша мәселелерді талқылады.

Аталған бағыттағы жұмыс тәжірибелерімен М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжінің  оқу-өндірістік   жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Б.А.Аймагамбетова, Еуразиялық институты Жоғары колледжінің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың  орынбасары Г.Х.Баймуханбетова, Қазақ  технология және бизнес университеті  колледжінің  оқу   жұмысы жөніндегі директордың  орынбасары  К.К.Сұрағанов, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің  арнайы пәндер оқытушысы С.О. Төребекова және Құрылыс-техникалық колледжінің арнайы пәндер  оқытушылары С.Ш.Актаева мен  Г.З.Қалыкова бөлісті.

Студенттерді WorldSkills чемпионатының құзыреттіліктеріне дайындауға жағдай жасаумен танысу мақсатында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Құрылыс-техникалық колледжінің байқау алаңдары мен шеберханаларында болды. Бөлім меңгерушісі М.Ж.Рахымжанов WorldSkills стандарттарына қатысты әртүрлі бағыттар бойынша құзыреттіліктердің қалай қалыптасатынын көрсетті. Шара соңында қатысушылар алған теориялық білімдерінің өзектілігі туралы пікірлерін білдіріп, WorldSkills жұмысшы мамандықтарының чемпионатына дайындық бойынша практикалық ұсыныстар жасады. Шараға 50-ден астам педагогтер  қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған