«Қалыптастырушы бағалау – білімі алушының табысты оқуының алғышарты» қалалық семинары

Астана қаласы  әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК  жоспа рына сәйкес 2023 жылғы 16 ақпанда №3 мектеп-гимназиясында  «Қалыптастырушы бағалау – білімі алушының табысты оқуының алғышарты»  тақырыбына  қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалау жүргізу жолдары (тәжірибе бөлісу).

Семинарға орыс сыныптарында жұмыс жасайтын 42 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  қатысты.

Семинар аясында бастауыш, орта буын, жоғары буын сыныптарында ашық сабақтар, мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптар өткізілді. №3 мектеп-гимназияның мұғалімдері семинардың  теориялық  бөлі- мінде  қалыптастырушы бағалауда қолданылатын  әдіс-тәсілдермен таныс- тырса, практикалық бөлімінде сол  әдіс-тәсілдерді  тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Рефлексия кезеңінде  қатысушылар семинардың  маңыздылығын  атап, жас мамандардың  өткізген сабақтарына жоғары  баға берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған